Телефон: + 7 (7172) 609-249
Email: k.baktybayev@kmge.kz
© "ҚМГ ИНЖИНИРИНГ" ЖШС

Жалпы мәліметтер

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобында өтінімдерді қабылдау және мұнай және газ өндіру кезінде жаңа техника, технологиялар, материалдар мен жабдықтардың тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтарын (бұдан әрі - ТӨС) өткізуді ұйымдастыру процесін цифрландыру мақсатында пайдалануға рұқсат беру туралы шешім қабылдау үшін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ «ТӨС орталығы жүйесі» интернет-порталы әзірленді.

«ТӨС орталығы жүйесі» интернет-порталы өтінімді қабылдаудан, ұсыныстарды жүргізу, «ТӨС орталығы жүйесінде» тіркелген сәттен бастап әлеуетті жеткізушілерден инновациялық өнімдерге тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтарын өткізу және ұсынылған инновациялық өнімді пайдалану сәйкестігі туралы шешім қабылданғанға дейінгі барлық процесті қамтамасыз етеді.

«ТӨС орталығы жүйесінде» жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау процесі «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобының мұнай және газ өндіру кезінде жаңа техника, технологиялар, материалдар мен жабдықтардың тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтарын ұйымдастыру, өткізу және есепке алу Ережелерімен» реттеледі

"ТӨС орталығы" жүйесінің қатысушылары және дербес деректерді қорғау

«ТӨС орталығы жүйесі» интернет-порталының жұмыс алгоритмі «бір терезе» қағидаты бойынша ТӨС бойынша келіп түскен өтініштер мен ұсыныстарды қарауды және қолдауды қамтамасыз етеді. Тіркелген қатысушы автоматты түрде «ТӨС орталығы жүйесінің» негізгі пайдаланушысы болады.

Оның жұмыс істеуін қамтамасыз ететін және жұмыс тиімділігін бақылайтын «ТӨС орталығы жүйесі» интернет-порталының әкімшісі «КМГ Инжиниринг» ЖШС құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

«ТӨС орталығы жүйесі» интернет-порталының әкімшілігіне келіп түскен ақпарат пен мәліметті тек «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және ол арқылы келіп түскен ұсыныстарды сараптауға қатысатын оның еншілес ұйымдарының қызметкерлері ғана пайдаланады және оларды «ТӨС орталығы жүйесі» интернет-порталын пайдаланушының жеке деректерінің құпиялылық Саясатына сәйкес үшінші тұлғаларға Өтініш берушінің жазбаша келісімінсіз беру мүмкін емес.

ТӨС-ке ұсыныс енгізу және қарау тәртібі

Жеке немесе заңды тұлға интернет-порталда жеке кабинет құру арқылы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобында жаңа техниканы, технологияларды, материалдар мен жабдықтарды ТӨС өткізуге ұсыныспен өтінімді қалыптастырады, егер ұсынылған өтінім, ұсынылған құжаттама толық болса «ТӨС орталығы жүйесінде» тіркеледі.

ТӨС әлеуетті орындаушының (өтініш берушінің) өтінішін қабылдау, өңдеу, жүргізу және қарауды аяқтаудың рәсімдік процесі «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС «ТӨС орталығы жүйесі» интернет-порталын пайдаланушыға арналған жұмыс Нұсқаулығымен» реттеледі.